Тоқаев Оман Сұлтанын қарсы алды

Қазан 6, 2026 - 11:55
chat_bubble  0 visibility  3
Тоқаев Оман Сұлтанын қарсы алды
Фото: видеодан скрин

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Тәуелсіздік сарайында басталған жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0