Тоқаев Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды. Бұл туралы ол Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Сонымен қатар Бейбітшілік кеңесі аясында президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл – оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.
Дональд Трамп өз сөзінде Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді ️АҚШ президенті Кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0