Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді

Шілде 10, 2025 - 12:12
Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow