«Төмен баға қойған»: Халықаралық конькишілер одағы төрешіге қатысты мәлімдеме жасады

Ақпан 26, 2026 - 16:47
 0  44
«Төмен баға қойған»: Халықаралық конькишілер одағы төрешіге қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж: sadaq.kz

Италияда өткен Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан төрешілік еткен Надежда Парецкаяның бағалауына байланысты дау туындаған еді. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жағдайдан кейін ISU қазақстандық төрешінің жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ ұйым бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам тарапынан жасалған қысым әрекеттерін қатаң айыптады.

Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясына жолданған ресми хатта:

"Сіздің төрешілігіңіз ISU ережелеріне толық сәйкес келді, бейтарап және ұлттық көзқарастан ада болды. ISU спорттың адалдығын сақтау үшін дәл осындай ұстанымды талап етеді", – делінген.

Айта кетейік, Милан-2026 қысқы Олимпиадасына Қазақстан атынан барған төреші Надежда Парецкаяның бағалауы жанкүйерлер арасында күмән туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды.

Қолданушылар оның ресейлік спортшыға жоғары, ал қазақстандықтарға төмен ұпай қойғанын айтып, ресми органдардан ашық түсініктеме талап еткен еді. 

Жанкүйерлердің айтуынша, Парецкая ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянның өнеріне шамадан тыс жоғары ұпай беріп, ал қазақстандық спортшыларға қатаң қараған.

Оған әсіресе әйелдер арасындағы жарыстың еркін бағдарламасынан кейін сын күшейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0