Топан су Астанаға да келіп жетті

Сол секілді Петропавлда да төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.

Сәуір 5, 2024 - 09:33
Сәуір 5, 2024 - 09:49
Топан су Астанаға да келіп жетті

Топан су Астана маңындағы Талапкерге де жетті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ қызметкерлері түннен бері сумен күресіп жатыр. Қазіргі таңда қапшықтарды жерге төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесі шайылып кетті. Осы минуттарда ТЖМ күштерімен қапшықтарды екпінді жерге төсеу жұмыстары жүргізілуде, делінген ресми хабарламада.

"Ағымдағы жылдың 04 сәуірінде сағат 23-43-те. Целиноград ауданында, Талапкер ауылында қардың қарқынды еруі мен еріген сулардың түсуіне байланысты Талапкер ауылының бойымен өтетін жасанды каналдың (еріген суларды егістіктен Есіл өзеніне бұруға арналған) ойығы орын алды.

ТЖД және ЖАО 30 минут ішінде проран қалпына келтірілді, ашық учаскелерден және су басқан аула аумақтарынан еріген су сорылады", - деп хабарлады Ақмола ТЖД инстаграм парақшасы. 

Сол секілді Петропавлда да төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды.

Қала әкімдігі 4 сәуірден бастап Петропавл қаласында төтенше жағдай режимі жарияланын хабарлады.

“Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.

Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады”, – делінген ақпаратта.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqmola Tjd (@aqmola_tjd)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow