«Төрі – жұмақта»: тоғыз қызы бар Балқаш ауданындағы майор желі жұлдызына айналды
ЭАлматы облысы Балқаш аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, майор Азамат Әбдірахманов тоғыз қыз тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.
«Азамат Әбдірахманов қызметтік міндетін адал атқарып жүрген кәсіби маман ғана емес, тоғыз қыздың бақытты әкесі. Азамат полицияға 2008 жылы келді, сол жылы оның тұңғыш қызы Ақнұр туды. Ақнұр да әкесі сияқты полицияда жұмыс істегісі келеді. Азаматтың жұбайы – Жазира балаларын тәрбиелеп, жолдасына қолдау көрсетіп отыр», - деп жазады полицияның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, Азамат пен Жазира Ақнұр, Гүлнұр, Әдина мен Медина есімді егіз қыз, Кәусар, Жасмин, Айару, Томирис және Даяна есімді тоғыз қыз өсіріп отырған бақытты ата-ана.
Азаматтың отбасылық суреті мен оның өмірі халықтың ыстық ықыласына бөленген. Азамат туралы постқа 300-ге жуық адам пікір қалдырып, балаларына бақыт тілеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?