«Төртеуге дейін рұқсат бар»: Астананың бас имамы қанша әйелі бар екенін айтты
Ол өзіне осы сұрақ жиі қойылатынын айтты.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қанша әйелі бар екені туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорданың бас имамы тележүргізуші Айкерім Есенәліге берген сұхбатында өзіне қатысты сұрақ жиі қойылатынын қозғап өтті.
«Шариғи тұрғыда Құранның мәтінімен алар болсақ, бұл – Алла Тағаланың рұқсат берген ісі, жалпы ер адамның төрт әйел ала алуы. Ол мәтіннің жалғасында егер әділдік жасай алмасаңыздар, біреуі жақсы, дейді. Енді әділдік жасау деген қиынның қиыны. Маған да «қанша әйеліңіз бар?» деген сұрақ қойылады. Сонда былай деймін: «Аллаға шүкір, төрт әйелге татитын бір әйелім бар. Ал бесіншісі – арам», - деп жауап берді Астана қаласының бас имамы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






