Трамп тағы бір өлімнен аман қалды

Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

Қыркүйек 16, 2024 - 09:05
 0  95
Трамп тағы бір өлімнен аман қалды
Фото: EPA

АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа кезекті мәрте қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған. Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

«Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ», - деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акция кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0