«Төреші басқа елден болады»: Қырғыз көкпаршылары қазақтарды қарымта кездесуге шақырды

Қыркүйек 16, 2024 - 12:06
 0  379
«Төреші басқа елден болады»: Қырғыз көкпаршылары қазақтарды қарымта кездесуге шақырды
Фото: gov.kz

Қырғызстанның Көк бөрі федерациясы 1 қарашада Ыстықкөл жағасында Келісім кубогын өткізуге шақырды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпарат Sputnik Қырғызстан агентігінің телеграм арнасында жарияланды. 

«Біз 1 қарашада сол құраммен көкпар мен көк бөрі ойынын өткізуді ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Екі елдің татулығы үшін біз жеке амбициямыздан бас тартуға дайынбыз. Судья басқа мемлекеттен болады», - деді Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Джунусалиев.

Айта кетейік, бұған дейінгі Көшпенділер ойындарында қазақ пен қырғыз құрамасының арасында өткен көкпар ойыны дау-дамаймен аяқталған болатын. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 2
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1