Циклон Қазақстанға бет алды: Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қыркүйек 16, 2026 - 14:39
chat_bubble  0 visibility  3
Циклон Қазақстанға бет алды: Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 17-19 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың жылдам ауысуы күтіледі. Антициклонның артына қарай циклон елдің барлық дерлік аумағына қарай ығыса бастайды.

Осыған байланысты алдымен Қазақстанның батыс, кейіннен солтүстік өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді желмен бірге жаңбыр жауады деп болжанады.

«Тек республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады», - делінген 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0