«Туа бермеші!»: Оқушы қыздың жыларман күйі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Тамыз 7, 2025 - 10:58
«Туа бермеші!»: Оқушы қыздың жыларман күйі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық оқушы қыздың анасына көз жасын төгіп, енді бала тумауын өтінген сәті түсірілген видео Instagram желісінде бір тәулікте 3,5 миллионнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Видеода қыз бала ашуға булығып, үнемі кіші бауырларына қараудан шаршағанын айтып, ауылдағы әжесіне барып демалуды армандайтынын жеткізеді.

«Егер мүмкін болса, енді тума! Ауылға барғым келеді, ал сен жібермейсің — біреуіне керекпін, екіншісіне керекпін… Ерасыл рахаттанып жүр, ал мен осында отырамын. Енді мүлдем тума, өтінем! Маған осы да жетеді», — дейді ол еңкілдеп жылап отырып.

Видеоны түсіріп отырған анасы оны жұбатуға тырысып:

«Әй, кейін өзің қуанасың ғой, олар өскенде!», — дейді.

Алайда қыз бұл сөзге келіспей:

«Қуанбаймын! Өсемін, студент боламын, күйеуге тиемін, бір-ақ бала табамын. Ал ауылға жібермейсің. Нағашы апаның тамағы бәрінен дәмді…», — деп жауап береді.

Желіде жарияланған басқа видеолардан қыздың көпбалалы отбасындағы тұңғыш екені, ал одан кейін бірнеше жасы жақын бауырлары бар екені байқалады.

Көпшілік пікірінде қызды қолдап, оның сөздерінен эмоционалдық күйзеліс пен шамадан тыс жүктеме белгілерін байқағанын жазды:

«Бұл — жүйке күйзелісі. Бала тек тыныштық пен демалыс қалайды», «Неге көтереді, егер үлгере алмаса? Тұңғыштар — тегін күтуші емес», «Баланың балалығын тартып алмаңыздар. Егер туатын болсаңыздар — өздеріңіз бағыңыздар», - деді.

Талқылауға қазақстандық жұлдыздар да қосылып, ата-аналарды кіші балаларды тәрбиелеу міндетін тұңғыштарға арта салмауға шақырды. Видео көпбалалы отбасындағы тұңғыш балалардың рөлі мен ата-аналық жауапкершілік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow