Түркісб ауданында жертөледен мәйіт табылды

Шілде 1, 2026 - 16:17
 0  14
Түркісб ауданында жертөледен мәйіт табылды
Фото: Pixabay

Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде ер адамның денесі табылды, деп жазады Sadaq.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиэтиленге оралған мәйіт үй жертөлесінде болған. Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу жіберіліп, марқұмның жеке басы анықталған.

— Алдын ала мәлімет бойынша ол үй мен пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні осы үйде болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Оның түсініктемесіне сәйкес, ер адам мән-жайы әзірге анықталмаған жағдайда жарақат алған. Алайда болған оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабарлап, көмекке жүгінудің орнына, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі мәйітті жертөлеге жасырып қойған, — деп хабарлады департаменттен.

Аталған дерек бойынша қазір адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптаманы қоса алғанда бірқатар кешенді сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0