Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабардар екенін мәлімдеді.
— Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатқанын және мәселе толық бақылауда екенін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0