«Тұрсынбек өзінен көрсін»: Мөлдір Мұқан желіде бөтен ер адаммен көзге түсті (ФОТО)
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде белгісіз ер адаммен бірге түскен суреттерімен көптің назарын аударды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Желіде тараған кадрлар жұртшылық арасында қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды. Оқырмандардың бір бөлігі Мөлдірдің жаңа серігі бар болуы мүмкін екенін болжай отырып, жылы лебізін білдірсе, енді біреулері таңданысын жасырған жоқ.
Тағы оқыңыз: «Тұрсынбек жылап хабарласты»: Мөлдір Мұқанованың кезекті сұхбаты тарады
«Енді ол да бақытты болуға лайық», «Бақыт тілейміз», «Өзіне лайық жанды жолықтырса болғаны», «Еркекке болады да, әйелге болмай ма?» деген секілді пікірлер жиі жазылды. Кей азаматтар әзілкештің бұрынғы жұбайына қатысты салыстырмалы пікірлер де қалдырған.
Алайда Мөлдір Мұқанмен бірге көрінген ер азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушыларының қызу қызығушылығына қарамастан, Мөлдір бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0