«Түсінген адамға аз жеңіс емес»: Ринат Зайыт Конституциядағы 9-бапқа қатысты пікір білдірді

Ақпан 10, 2026 - 13:12
Ақпан 10, 2026 - 13:14
 0  2
«Түсінген адамға аз жеңіс емес»: Ринат Зайыт Конституциядағы 9-бапқа қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Конституцияның жаңа жобасындағы 9-баптың 2-тармағына қатысты тиісті комиссияға ұсыныстар беріліп, мемлекеттік тіл мәселесі бойынша мәтінге өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы депутаттың жазбасына сілтеме жасап Sadaq.kz хабарлайды.

Депутат енгізілген өзгерістің маңызын былай деп атап өтті:

«Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!»

Жазба соңында Ринат Зайыт жетістікке жету үшін асқақтау емес, парасаттылық қажет екенін меңзеп, Наполеон Бонапарт туралы тәмсіл келтірді. Бірде бойы ұзын офицер Наполеонға: «Генерал, киіміңізді мен ілейін? Сізден биікпін ғой», – дегенде, ол: «Сен биік емессің, ұзынсың», – деп жауап берген екен. Осы мысал арқылы депутат алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын ескертті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0