Түркістан облысында жер сілкінді
Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде жер сілкінісі болды.
— ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 08 сағат 24 мин 10 сек жер сілкінісі тіркелді, — делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
Атакент ауылы 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?