Түркістан облысының полициясы 15 баланың зорлыққа ұшырауы туралы мәліметті жоққа шығарды

Қазан 20, 2023 - 13:49
Түркістан облысының полициясы 15 баланың зорлыққа ұшырауы туралы мәліметті жоққа шығарды

Бұған дейін адвокат Айман Омарова мен Ләззат Рақышева Отырар ауданында балабақшада от жағатын адам 14 қыз және бір ұл баланы зорлады деген күдік барын мәлім еткен, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Бұл мәлімдемеге қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов әлеуметтік желіге жазба жариялады.  

«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында орын алған ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіремін. Түркістан облысы Полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған.  Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ», - дейді Қабденов. 

Ол «басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралар жалғасып жатқанын» айтты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow