Украина әскері Суджа қаласын тастап шықты

Наурыз 13, 2025 - 10:35
Украина әскері Суджа қаласын тастап шықты

Украина әскері Курск облысына қарасты Суджа қаласынан шегінді, деп хабарлайды Orda.kz.

Украинаның қорғаныс министрлігінің Deep State жобасы картасын жаңартты. 12 наурыздан бастап олар Суджаның Украина әскери күштерінің бақылауынан шығып қалғанын мәлімдеді.

Алайда, Украина Жоғарғы Радасының Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің хатшысы Роман Костенко Ресей әскері Суджаны толық бақылауына алмағанын айтты. Оның сөзінше, Ресей әскері қаланың белгілі бір бөлігіне кірген, сол жерде әлі де ұрыс жүріп жатыр.

Бұл жағдайға Украина президенті Владимир Зеленский де үн қатты.

«Орыстар біздің әскерге барынша қысым жасауға тырысып жатыр. Украинаның әскери қолбасшылығы жауынгерлердің өмірін барынша сақтап қалуға тырысады», – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow