Украинада оппозиционер Айдос Садықты атып кетті
Садықов әйелі екеуі көлікке жақындаған кезде белгісіз біреу оған оқ атқан.
Наталья Садыкова желідегі парақшасында күйеуі Айдосқа қастандық жасалып, өз үйінің маңында оны атып кеткенін мәлімдеді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
“Бүгін Киевте Айдос Садықовтың өз үйінің маңында өміріне қастандық жасалды”, – деп жазылған Наталья Садыкованың жазбасында.
Strana.ua басылымы Киевте белгісіз біреу белгілі қазақстандық белсенді Айдос Садықовқа оқ атты құқық қорғау органдарындағы дереккөздерді келтірді.
Оқиға 18 маусым күні түс ауа Киевтің Шевченков ауданында болған. Садықов әйелі екеуі көлікке жақындаған кезде белгісіз біреу оған оқ атқан. Әйелі зардап шеккен жоқ, ал ер адамның жағдайы әзірге белгісіз.
Садықов 2014 жылдан бері Киевте тұрады және Қазақстанның қазіргі билігін, оның ішінде қазіргі ел президентін қатты сынаған. Ол 2022 жылдың қаңтарында болған Қазақстандағы наразылық акцияларын белсенді түрде қолдаған еді, деп жазды Stan.kz.
Сіздің реакцияңыз қандай?