«Ургант, Меладзе, Закиров сынды жұлдыздар қатысқан»: Бұрынғы дипломат қызын ұзатты

Кейбір дерек көздері тойды ресейлік шоумен Иван Ургант жүргізгені айтылады.

Маусым 9, 2024 - 16:06
Маусым 10, 2024 - 18:08
«Ургант, Меладзе, Закиров сынды жұлдыздар қатысқан»: Бұрынғы дипломат қызын ұзатты
Фото: Ulysmedia

Мемлекеттік қайраткері әрі ұзақ жылдар бойы шетелдегі елшіліктерде дипломат болып қызмет еткен Аркен Арыстанов қызын ұзатты. 26 жастағы қызын ұзату тойы Алматыда, қымбат мейрамханалардың бірінде өткен, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Желіде тарап жатқан фото-видеолардан ұзату тойының өте салтанатты өткені әрі оған шетелдік меймандар қатысқанын байқауға болады. Нақты айтар болсақ, атақты Ялла» тобының солисі Фаррух Закиров,  Валерий Меладзе сынды әншілер болған. Кейбір дерек көздері тойды ресейлік шоумен Иван Ургант жүргізгені айтылады.

Журналист Данияр Есеннің айтуынша, той Алматыдағы ең қымбат Ritz-Carlton мейрамханасында өткен. Сондай-ақ ол Урганттың гонорары - 60 мың еуро, Меладзенің бір тойға кіріп-шығуы үшін кемі 70 мың еуро сұрайтынын жазған.

Аркен Арыстанов ұзақ жылдар бойы әртүрлі елдерде елші болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінде болды.

Қазіргі таңда KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow