«Венесуэлалықтардың қатты қайғырғанын байқамадым»: Белсенді АҚШ әрекетіне күмән келтірді
Жазба соңында автор халықаралық саясаттағы қос стандарт пен ақпараттық соғыс мәселесіне назар аударып, оқырманды сыни ойлауға шақырады.
Белсенді Ерлан Ысқақов АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекетіне байланысты пікір білдіріп, бұл жағдайдың халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырғанын атап өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, Колумбия АҚШ-тың Венесуэлада «бүлдіргенін» айыптап, Ресейді және Қытайды қоса бастап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын талап еткен. Қазіргі таңда бұл мәселе БҰҰ алаңында талқыланып жатыр.
Автор Венесуэланың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Самуэль Монкаданың мәлімдемесіне де назар аударады. Ол АҚШ-тың ел егемендігіне нұқсан келтірген әрекетін қатаң сынға алған.
Ерлан Ысқақовтың жазуынша, Венесуэлада жағдай тұрақты, билік институттары қалыпты режимде жұмыс істеп отыр. Соған қарамастан, сыртқы күштердің ел ішіндегі ахуалды бұрмалап көрсетуі күмән тудырады.
«Елде қазір жағдай тұрақты, конституциялық тәртіп еш бұзылмады, билік органдары қалыпты жұмыс істеп жатыр», – деп жазады ол.
Белсенді АҚШ-тың Венесуэла президентіне қатысты ұстанымын да сынға алып, бұл әрекеттің шынайы себебіне күмән келтіреді.
«Онда деймін де, бәрі “чики-пуки” болса, Мадуроның не керегі бар екен?!», – дейді автор.
Сондай-ақ ол Венесуэла халқының жағдайы туралы Батыс медиасының ұсынған көрінісіне күмәнмен қарайды.
«Басшысынан ойда жоқта айырылып қалған венесуэлалықтардың қатты қайғыранын байқамадым», – деп жазады Ерлан Ысқақов.
Жазба соңында автор халықаралық саясаттағы қос стандарт пен ақпараттық соғыс мәселесіне назар аударып, оқырманды сыни ойлауға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0