Ясмина Тоқсанбаеваны аяқ киімі үшін Азиаданың алтын медалінен айырды
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен көрсеткен нәтижесінің жойылғанын мәлімдеді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Токсанбаева жарыс барысында соңына дейін күрескенін атап өтіп, өзін қолдағандарға алғыс айтты.
«Кешіріңіздер, осындай эмоциялар үшін. Мен алтын алғым келді. Бірақ Құдайдың жолы – ешкімге белгісіз, бұл менің арманымның жолында тоқтатпайды», – деп жазды спортшы.
Ол сондай-ақ жарыстағы нәтижесінің жойылғанын көрсететін скриншот жариялады. Спортшы өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлеріне және жарыс барысында көмектескен мамандарға алғыс айтты.
«Біз соңына дейін күрестік. Мені қолдаған барлық суперқаһармандарыма рақмет. Жеке жаттықтырушымнан бастап, жеңіл атлетика федерациясы мен спорт министріне дейін барлығы мені қолдады», – деді Ясмина Токсанбаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0