«Үкімет басқасын жарытып алсын»: Мақпал Жүнісова дала сыпырып жүр

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты.

Қараша 25, 2025 - 16:53
Қараша 25, 2025 - 17:04
«Үкімет басқасын жарытып алсын»: Мақпал Жүнісова дала сыпырып жүр
Фото: ғаламтордан

Халық әртісі  Мақпал Жүнісованың желідегі парақшасына жүктеген видеосына оқырмандары ерекше ықылас танытып жатыр, – деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші Instagram парақшасына ауладағы жапырақтарды сыпырып жүрген видеосын жүктеген. 

"Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім, балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп. Күздің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын", – деп жазды ол. 

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова аула тазалаушысы жоқ екенін, есік алдын сыпырумен өзі айналысатынын айтты. 

"Қозғалыс – өмір, қандай керемет", "Мақпал ханым, күш-қуат берсін", "Денсаулыққа пайдалы", –  деп оқырмандары түрлі пікір жазды. 

Әншінің бұл әрекетіне үкіметті кінәлаған оқырмандардың біріне әнші биліктің басқа да жұмысы көп екенін айтқан. 

«Үкімет қайда қарап отыр? Неге халық әртістерін қадірлемейді екен? Қоқыс таситын көлігімен адам бөлмейді? Ұят қой мынау. Кімге арқа сүйейді Мақпал ханым, халқынан басқа», деп жазған оқырманына Халық әртісі «Жоға, өз ауламды жинамасам, ұят болар. Өкімет басқасын жарытып алсын, ауылдардың жағдайын жақсартып, жолдарды жөндеп, газ жоқтарға газ жіберсін», деп жауап берген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow