«Ұлымыз - ерекше»: Артур Төлеповтің әйелі ел білмейтін сырымен бөлісті

Қараша 14, 2025 - 16:20
«Ұлымыз - ерекше»: Артур Төлеповтің әйелі ел білмейтін сырымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Артур Төлеповтің отбасы

Танымал актер Артур Төлеповтің жары алты жыл бойы ұлының ерекше күтімді қажет ететін бала екенін алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Ерекше бала ма, не болды деп таңғалып жатқандар көп. «Ерекше бала» — нақты диагнозы бар балаларға қатысты айтылатын түсінік. Өкінішке қарай, дәл осындай сынақ біздің де басымызға алты жыл бұрын түсті. Бірақ мен бұны ауыр сынақ деп қабылдамаймын. Жеңіл қабылдауымның басты себебі — сол кезде жанымда болған жолдасымның үлкен қолдауы. Біз жалпы өмірге жеңіл қарайтын адамдардың қатарынанбыз," — деді ол.

Айтуынша, жеке өмірін көп жариялай бермейтіндіктен, көпшілік бұл жаңалыққа таң қалған.

"Алдағы уақытта бөлісетін жоспар бар, бірақ әзірге толық дайын емеспін. Нақты нәтижелерге қол жеткізгенде ғана ашық айтамыз. Қазірдің өзінде Аллаға шүкір," — деп жазды актердің жары.
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow