«Ұлттың бас музыкалық аспабын самолетке мінгізе алмай жүріп, домбыра күнін тойлау деген не тәлпіштік» - Ерлан Төлеутай

Дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай Ұлттық домбыра күні қарсаңында отандық әуекомпанияларға қатысты тағы бір жазба жариялады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, домбырасын Скат ұшағымен Еуропаға апару үшін 72 мың төлеген. «Осыдан қай бетімізбен «Домбыра күнін» тойлаймыз» деп ренішін білдірген.
«Былай келісейік, жігіттер: әуелі домбыраны самолетке мінгізіп алайық. Домбыраны ұлттық бренд ретінде самолеттің салонына алып жүруге пәрмен беретін арнайы заң қабылдатқызайық депутаттарымызға. Сонан соң ғана сол жеңісті күнді домбыра күні деп тойлайық. Әйтпесе, ұлттың бас музыкалық аспабын самолетке мінгізе алмай жүріп домбыра күнін тойлау деген не тәлпіштік?!
Мәселен, мен домбырамды Скат ұшағымен Еуропаға апару үшін 72 мың төледім. Оның өзінде багажға өткіздіртті. Осыдан кейін не бетіммен "Домбыра күнін" тойлаймын?
Айтпақшы, бүгін Мюнхен кинофестивалі сахнасында ән айтамын ішім қан жылап тұрып. Президент Тоқаев айтқандай "домбыраны күмбірлетіп жүрген" бар өнерпазыңның көріп жүрген күні осы қазағым!», - деп жазған ол өзінің facebook пaрaқшaсындa.
Бұған дейін де белгілі әнші Айгүл Елшібаева да домбыра күнін тойлаудан бұрын, ұлттық аспабымызды ұшақ бортына еркін алып кіруге жағдай жасап беруін сұраған еді.
«Домбыра күні деп ұлттық аспабымызды ұлықтасаңдар, салмағы екі келілік домбырамызды Флайарстан, Қазақайр, Скаттың самолетіне еркін алып кіруге заң шығарсын! Концерттен халықтың құрметіне бөленген жалғыз бақытты шағымызды қызғанғандай , халықтың қошаметінің быт-шытын шығаратын, аэропортта самолетке тіркейтін қыздар домбыра аспабымызды өткізбей, одан охранадағы ментерін шақырып, аса қылмыскерді ұстап бергендей, елдің алдында абыройымызды шашып жатқанына біраз жыл болды. Самолеттен түсіп, «домбырамыз аман ба?» деп, көңіл -күйімізді түсіріп үйімізге қайтатын болдық.
Бұл жайт Қазақтың музыка мәдениетін қорлау, Ұлттық руханиятымызды қорлау, Ұлттық аспабымызды қорлау, Ұлттық өнерді қорлау, Ұлттық өнерді ұстап жүрген қазақтың талантты өнер иелерін қорлау деп білемін. Біз халықтың ұлттық дәстүрлі өнері келесі ұрпаққа жеткізуші осы замандағы дәнеркерші өнер иесіміз.
Президент мырза, парламенттегі, мәжілістегі халық сайлаған депутат мырзалар, Қазақстанда екі келі салмақ тартатын домбыра аспабын самолетте еркін алып жүру заңына қолдау білдіруге мүмкіндік жасаңыздар! Бұл заң ұлттың мәдениетін, руханиятын қолдау деп білемін! 2-кг-дық ұлттық аспабымыз домбыраның , өз елінде, қазақтың даласында қорлануына, жол берілмесін. Домбыра бар жерде қазақ деген ұлт бар!!!», - делінген әншінің жазбасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






