Үржардағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты

Тамыз 22, 2025 - 11:48
Тамыз 22, 2025 - 13:00
Үржардағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты
Фото: ашық дереккөзден

19 тамыз күні Абай облысының Бестерек ауылында Toyota Camry автокөлігі алты баланы қағып кеткен еді. Салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі жансақтау бөліміне түскен болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті 55 жастағы жергілікті тұрғын Серік Аңсабаев тізгіндеген. 21 тамызда жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы әкесінің апат кезінде жүрек талмасына ұшырағанын айттығ деп жазады Sadaq.kz.

Ал әлеуметтік желілерде Аңсабаевтың эпилепсия диагнозы болғаны туралы деректер тарады. Белгілі болғандай, Үржар аудандық соты 20 тамызда Серік Аңсабаевты эпилепсияға байланысты жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім қабылдаған.

Прокуратура деректеріне сәйкес, Серік Аңсабаев 2013 жылдың 9 маусымынан бастап невролог дәрігердің «Д» диспансерлік есебінде «эпилепсия» диагнозымен тұрған. Соған қарамастан, 2020 жылы оған B, C, D секілді бірнеше категория бойынша көлік жүргізу куәлігі берілген.

Алайда 2025 жылғы сәуірде прокуратура психиатр мен наркологтың есебінде тұрған 62 тұрғынға көлік жүргізуге тыйым салуды сұрап сотқа жүгінген. Солардың қатарында Серік Аңсабаев та болған.

Апаттан кейін ғана жүргізуші куәлігін жою туралы шешім заң жүзінде рәсімделген. Сот материалдарында былай делінген:

«Жауапкер Аңсабаев 2013 жылдың 9 маусымынан бастап невролог дәрігердің есебінде “эпилепсия” диагнозымен тіркелген. Осыған байланысты 2020 жылғы 8 шілдеде берілген жүргізуші куәлігі жойылсын».

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow