Nomad Academy шәкірттері үстел теннисінен ел чемпионатында топ жарды

Ақпан 23, 2026 - 13:04
Ақпан 23, 2026 - 13:47
 0  9
Nomad Academy шәкірттері үстел теннисінен ел чемпионатында топ жарды
Фото: Nomad Table Tennis academy

Павлодар қаласындағы «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өткен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 260-тан астам жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті, - деп жазды Sadaq.kz.

Аталған жарыста Nomad Table Tennis Academy шәкірттері ерекше көзге түсіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Академия мақтанышы – чемпион мен жүлдегер

Академия тәрбиеленушісі Қасым Нұрислам жекелей сында тамаша ойын көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ол қарсыластарынан басым түсіп, өзінің жоғары дайындығы мен кәсіби деңгейін дәлелдеді.

Сондай-ақ тағы бір Nomad Academy шәкірті Қадырәлі Қабдылуахитов жекелей сында қола жүлдеге ие болды. Жас теннисші турнир барысында тұрақты әрі сенімді ойын өрнегін көрсетті.


Қосымша жетістіктер

Nomad Academy спортшылары басқа санаттарда да табысты өнер көрсетті:

• Жұптық сында
Қасым Нұрислам Арнур Оралхановпен бірге қола жүлдегер
Қадырәлі Қабдылуахитов Мансұр Сүйіндікпен бірге қола жүлдегер.

• Аралас разрядта
Қадырәлі Қабдылуахитов Мария Лукьяновамен бірге алтын медаль
Қасым Нұрислам Дарья Фумен бірге қола жүлдегер.


Nomad Table Tennis Academy – Астанадағы жас спортшыларды халықаралық деңгейге дайындайтын заманауи академиялардың бірі. Мұнда әлемдік турнирде тәжірбиесі бар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жүйелі дайындық жүргізіліп, спортшылардың техникалық, тактикалық және психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Осы чемпионаттағы нәтижелер академия жұмысының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0