«Ұялмайтындай ойын күтеміз»: Қазақ футболының жауы «Қайратқа» сәттілік тіледі

Тамыз 27, 2025 - 12:42
«Ұялмайтындай ойын күтеміз»: Қазақ футболының жауы «Қайратқа» сәттілік тіледі
Фото: жеке парақшасынан

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне шығуын құттықтап, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Әрқашан өзгенің еңбегін құрметтеймін, сондықтан қуанышты бөлісемін! Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан құтты болсын, @f.c.kairat », – деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Сонымен бірге ол клубтың ойын сапасына қатысты пікірін білдіріп, жанкүйерлер лайықты ойын күтетініне назар аударды.

«Футболға мұншама қаржы құйылған соң, тек топқа өтумен шектелмей, нағыз шайқастар мен намысты ойын көрсеткен дұрыс. Сол үшін ұялмайтындай ойын күтеміз. Үлкен алаңда сәттілік тілеймін!», – деді Хамитов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????? ???????????????????????????????? (@kuat__khamitov)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow