«Зәкеңнің дүниесін табыстадым»: Мақпал Жүнісова жантебірентерлік сәттің видеосын жариялады

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың Кегендегі ескерткішіне барып гүл шоғын қойды.
«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты, соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары әншінің бұл игілікті ісін құп көріп, алғысын жаудырып жатыр.
«Алла разы болсын, Мақпал апай! Кегендіктер сізді ерекше құрметтейміз», «Игілікті іс. Мақпал ханым, тамаша жансыз, аман болыңыз», «Зәкеңдей алып тұлғаға қойылған ескерткіш мәңгілік естелік болсын», - деп жазды олар.
Айта кетері, әнші қызы Мереймен бірге Қазақстанның көрікті жерлерін аралап жүр. Желідегі парақшасында Көлсайда түскен суреттерін жариялады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






