Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш ашылды

Желтоқсан 2, 2024 - 15:38
Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш ашылды
orda.kz

Алматы облысының Кеген ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған бюсттің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

«Бұл іс-шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында ұйымдастырылды. Ол Нұрқаділовтің туған ауылында ескерткіш және Алматыдағы үйіне ескерткіш тақта орнатуды ұсынған болатын», – деп атап өтті Алматы облысының әкімдігі.

Шараға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, сондай-ақ Нұрқаділовтің жақындары мен туыстары болды.Ескерткішті Заманбек Нұрқәділовтің ұлы Қайрат ашты.

«Халқымыз әкем туралы тек жақсылық айтатын. Жылдың басында әкеміздің 80 жылдығына ас береміз дегенде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хат жолдады. Хатында әкемнің еңбегін қолдап, «тұратын үйіне тақта қойыңдар, бюст қойыңдар, өнер мектебіне атын беріңдер» деп тапсырма берген. Бүгін біз соның куәсі болып отырмыз. Мектеп ашылды. Ішінде мұражайы бар. Бюст орнатылды. Рақмет!», – деді Қайрат Нұрқаділов.Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбай Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында бастапқыда бюст емес, толыққанды ескерткіш орнату жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, ол саясаткердің өліміне қатысты жағдайды қайта қарауға шақырды.

«Ескерткіш болуы керек еді, бірақ ақырында бюст ашып жатыр. Бұл шешім түсініксіз. Сонымен қатар, Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты «суицид жасады» деген нұсқаны өшіріп, кім өлтіргенін анықтау қажет», 
деді Алтынбек Сәрсенбайдың ағасы әрі белсенді Рысбек Сәрсенбай.
 
Бюсттің ашылуымен қатар, жергілікті өнер мектебіне ресми түрде Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Мектеп оқушылары музыкалық және би нөмірлерімен концерт ұйымдастырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow