Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты

Тамыз 25, 2026 - 17:58
 0  16
Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты
Фото: Ақорда

Украина Президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен жолдаған жылы лебіздері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Украина өзара сыйластыққа, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелгі байланыстарға негізделген Қазақстанмен достастық қатынастарын жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға бекембіз», – деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Тоқаев пен Қазақстан халқына табыс, бейбітшілік, өркендеу және амандық тіледі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0