Жақында іске қосылған LRT төбесінен су ақты
Астанада жауыннан кейін тұрғындар «Нұрлы жол» LRT стансасының жерүсті өткелінен су аққанын байқады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға таңғы сағат 08:10 шамасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан эскалатор мен стансаның негізгі бөлігі арасындағы өткелдің төбесінен су тамшылап тұрғанын көруге болады. Су аққан аумақты нысан қызметкерлері қызыл лентамен қоршап қойған.
Видео авторы әрі оқиға куәгерінің айтуынша, өткелді қатты су баспаған, алайда төбеден су белсенді тамшылаған.
Су көлемі көп емес, сондықтан плитка әлі тайғақ бола қоймапты. Бірақ төбеден су сорғалап тұрды. Мен барғанда бұл аумақтар қызыл лентамен қоршалып үлгерген екен. Өтіп бара жатқан жолаушылардың жүзінен таңданыс байқалды, - деді куәгер.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0