Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды

Сәуір 6, 2026 - 10:51
chat_bubble  0 visibility  2
Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды
Фото: әлеуметтік желі

Жемқорлық қылмысы үшін 6 жылға сотталған Өскемен қаласының бұрынғы әкімі әрі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайтын болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Прокуратура өкілдері экс-шенеуніктің үкіміне қатысты түсініктеме беріп, оның жазаны өтеу шарттарын түсіндірді.

Олардың мәліметінше қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасады және пара алды деп айыпталған азаматтың әрекеті мемлекеттік қызмет негіздері мен қоғам сеніміне нұқсан келтіретін қылмыстар санатына жатады.

Мемлекеттік айыптаушы істің қысқартылған тәртіппен қаралғанын ескеріп заңда көрсетілген ең жоғары жазаны сұраған және сот бұл ұстанымды толық қолдап үкім шығарған.

«Қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы нормалар қолданылмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар шағым түсіре алады», – деп хабарлады ведомство мамандары. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0