«Жалақым – 1,4 миллион, сыйақы 700 мың теңге ғана» - ӘМСҚ басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Тамыз 22, 2024 - 16:15
 0  139
«Жалақым – 1,4 миллион, сыйақы 700 мың теңге ғана» - ӘМСҚ басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.  

«Жалақыма тоқталайын. Қолға 1 млн 400 мың теңге аламын», - деді Әбілқайыр Сқақов.  

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, орынбасарлары қомақты сыйақы алмайды.  Ұжымға берілетін сыйақы нақты қызметкердің KPI-ды орындауына байланысты төленеді.

«Қордың басқарма құрамында 5 адам бар. Соңғы 3 жылда олар бонус алмады. Бұрын алмаған, қазір де алмайды. Мен және орынбасарларым бір жыл ішінде жалпы 600-700 мың теңге көлемінде ғана сыйақы алдық. Директорлар кеңесінің шешімімен (сыйақы мөлшері) шектелген. Ұжым алатын сыйақы қызметкерлердің KPI-мен бекітілген», - деді қордың төрағасы.   

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0