Жамбыл облысында 12 оқушы уланып қалған

Қараша 12, 2025 - 10:20
Қараша 12, 2025 - 11:21
Жамбыл облысында 12 оқушы уланып қалған

Жамбыл облысында 12 оқушы тамақтан уланып қалды.

Оқиға Байзақ ауданының Мырзатай ауылында орта мектепте болған. 

Аудандық орталық аурухананың мәліметінше, 11 қарашада таңертең балалар мектептің қарсы бетіндегі жеке дүкеннен сатып алған жылдам дайындалатын тағамдарды (сэндвич, бургер, кириешки) жеген. Арада 1–2 сағат өткен соң балаларда жүрек айну, құсу, бас ауруы және әлсіздік сияқты улану белгілері байқалған.

"12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексерістен өтті. Балалардың жағдайы тұрақты жоқ. Балалар үйіне қайтарылды", - деді жауаптылар.

Науқастарға тиісті ем-шаралары көрсетілген. Зертханалық тексеріс жүргізіліп, уланудың себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow