Жамбылда комаға түскен сарбаз: Тоқаев кінәлілерді жазалауды тапсырды

Анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты.

Маусым 17, 2024 - 17:19
 0  113
Жамбылда комаға түскен сарбаз: Тоқаев кінәлілерді жазалауды тапсырды
Фото: egemen.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының сарбазы Қордай орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 9 маусымда болғанын мәлім етті. Осы орайда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді,  - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президент комаға түскен сарбаздың ісіне кінәлі адамдарды жазалауды талап еткенін жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", деп жазды Берік Уәли. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0