«Жан Байжанбаевпен киноға түсу 1,5 млн»: Жас актрисаның анасы былықтың бетін ашты

Тамыз 14, 2025 - 17:20
«Жан Байжанбаевпен киноға түсу 1,5 млн»: Жас актрисаның анасы былықтың бетін ашты
Фото: vecher.kz

Қазақстандық әйелдің айтуынша, киномектеп 15 жастағы қызына Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсу үшін 1,5 млн теңгеге ұсыныс жасаған, деп хабарлайды sadaq.kz сайты «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Оның сөзінше, кастингте менеджерлер ата-аналарға қысым көрсетіп, «дәл қазір және осы жерде» қатысу ақысын төлеуді талап еткен.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін басқа да ата-аналар ұқсас жағдайға тап болғандарын айтып, балаларға киноға түсуге уәде беріліп, орнына ірі көлемде ақша сұралғанын жеткізді.

Актер Санжар Мәди мұндай ұсыныстарды алаяқтық деп атады.

«Рөлге түсу үшін ешқашан ақша төлемеңіздер, – деп пікір білдірді ол.

Жұлдыздардың менеджерлері актерлердің түсірілімдерге қатысқанын растады, алайда оқыту мен бағаға студия жауапты екенін айтты.

Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов мұндай жағдайларда күмәнді шарттарға келісетін ата-аналар да жауапкершілік арқалайтынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow