«Жаңа дәуірде Алланың миссиясы бітті»: Жанат Бақыт елді шошытты
Журналист Жанат Бақыт жаңа дәуір келіп, Алланың миссиясы біткенін айтты. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
”Жаңа дәуір келеді, ескі дәуір кетеді. Сол кездегі Алланың бейнесі бізге қатал ұстаз сияқты болу керек болды. Біз Құдайды делдал арқылы, дін арқылы, шіркеу, ұстаздар арқылы тануымыз керек болды, намаз оқуымыз керек болды. Ал енді дәуір келді. Алланың миссиясы бітті. Бұрын “Жүректеріңе Алланың өзі келіп тұр, ешқандай делдал болмайды” деп айтқанымды қазір де қайталаймын. Тек мені түсінбеді. Санамыз сондай деңгейге түсіп кетті. Хайп пен шоу керек болды, жоғарыдағылар оны біледі. Журналистер не деді? “Алланың миссиясы бітті” деген екі сөзді қосып, шулатып жіберді”, - деді Жанат Бақыт.
Ол сонда өзіне ескерту жасалғанын айтты.
"Маған ескерту айтты. Жанат, ғаламның құрбандық заңы бар, құрбан боласың. Сені желеу етіп, біз бүкіл адамзатқа жаңа дәуірдің келгенін ескертеміз. Үш күн телефоныңды өшір. Ташкентке бар. Біз мына жақты шулата тұрамыз. Оразаның екінші күні шулатамыз", деді. Сол үшін де мен маған қатысты шудан сынған жоқпын. Маған ескертілді. Шу болды. Мен жоғарыдан қарап тұрдым", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?