Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы ресми ақпарат шықты

WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының бос титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарлама алғанын растайды

Қазан 8, 2026 - 10:53
chat_bubble  0 visibility  1
Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы ресми ақпарат шықты
фото: әлеуметтік желіден

WBO президенті Густаво Оливьери X желісіндегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмақтағы бос титул үшін өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, екі тарап та ұйымды 168 фунт салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы хабардар еткен.

"WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының бос титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарлама алғанын растайды. Қосымша мәліметтер кейінірек жарияланады", - деп жазды Оливьери.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0