Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары 22 алтын алды

Шри-Ланкада өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U22) қазақтандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ұлдар арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды. 86 келідегі Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдегер атанса, 71 келіде жүлде бұйырмады.
Азия чемпионатының жүлдегерлері:
1-орын. Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
1-орын. Досымжан Таңатар (51 келі)
1-орын. Алдияр Бахадүр (54 келі)
1-орын. Нығман Нығмет (57 келі)
1-орын. Әділет Тортубек (60 келі)
1-орын. Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
1-орын. Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
1-орын. Игорь Соловьёв (80 келі)
1-орын. Расул Асанханов (92 келі)
1-орын. Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)
2-орын. Жасұлан Бердалы (75 келі)
3-орын. Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)
Ал қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарды.
Чемпион атанған боксшылар: 48 келі – Айым Танкибаева, 50 келі – Сила Биболсынқызы, 52 келі – Рахмина Абдумежитова, 54 келі – Жанель Имантаева, 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали, 60 келі – Толғанай Қасымхан, 63 келі – Алина Құдайгенова, 66 келі – Ақбота Есімбекова, 70 келі – Мария Сидоренко, 75 келі – Зарина Толыбай, 81 келі – Құралай Егінбайқызы, +81 келі – Сабина Жақсылық.
Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:
1.Қазақстан – 22 алтын,
2.Тәжікстан – 2 алтын,
3.Қырғызстан – 1 алтын.
Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты. Атап айтар болсақ: Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






