Жат ағымнан ақша алғанын, екі әйелі барын жасырғысы келген имам антикорға пара ұсынған

Күдік тудырған тексеруден құтылу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкеріне 1 миллион теңге берген

Қазан 1, 2024 - 10:19
Қазан 1, 2024 - 10:25
Жат ағымнан ақша алғанын, екі әйелі барын жасырғысы келген имам антикорға пара ұсынған

Қызылордада 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам Талғат Нұрман «Ыбырай молда» мешітінен жұмыстан шығарылды.

Nege.kz ақпаратына сүйінсек, имам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

«Ыбырай молда» мешітінің имамы Талғат Нұрман ҚМДБ-ның қаулысымен қызметінен босатылды. Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуына байланысты қызметінен кетті. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы нақты мәлімет жоқ» делінген хабарламада.
Тамыз айында мешіттің бұрынғы имамы Талғат Нұрман мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Серік Әбілқайыров жемқорлық үшін сотталған еді.

Нұрман «имам деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген күдік тудырған тексеруден құтылу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкеріне 1 миллион теңге берген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow