Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Наурыз 19, 2025 - 09:32
 0  108
Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы өмірден өтті
Фото: дереккөз

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлады Sadaq.kz.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген.

1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Үрімші қаласында ұстаздық етті.

«Шыңжаң жастар-өрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды. «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ ырымдары» атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Одан басқа «Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы, «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі, «Қазақ кәделері», «Асыл қазына», «Қазақтың түс жоруы» атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0