«Жағыңа жылан жұмыртқаласын»: Жанат Бақыттың 2025 жылға болжамы жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

Ұйықтап жатып, бірден оянбай қалу, жүректің тоқтап қалуы өте көп болады.

Желтоқсан 30, 2024 - 17:11
Желтоқсан 30, 2024 - 19:07
«Жағыңа жылан жұмыртқаласын»: Жанат Бақыттың 2025 жылға болжамы жұртты ашуландырды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/zhanat_bakyt

Бұрынғы журналист әрі тележүргізуші Жанат Бақыт келер жылы адамдардың денсаулығында болатын өзгерістер туралы болжам айтты, деп хабарлайды sadaq.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбаты барысында 2025 жылы адамдардың неден ауыратыны жөніндегі айтқан. 

«Біріншіден гармон жүйесі өзгереді. Адамның клеткасында толықтай жаңару, эндокриндік жүйе, жүйке жүйелерінде өзгеріс орын алады. Қалқанша без, ішек жолдары толық тазарады. Адамның көзінде өзгеріс болады. Жүрек ауруы болуы мүмкін. Ұйықтап жатып, бірден оянбай қалу, жүректің тоқтап қалуы өте көп болады. Сондықтан, менің кеңесім сол жаққа қарап жатуды азайтқан дұрыс», - деді.

Оның бұл болжамы көпшіліктің ашуына тиді. 

«Жағыңа жылан жұмыртқаласын», «Общым өліп қаласың соңында деп тұр ғо», «Мынаның түрі кетіпті ғой», - деп жаза жөнелді желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рилс | Сценарий (@asmira.yermekqyzy)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow