«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынды

Басшының ұсталу себебі айтылмады.

Маусым 3, 2024 - 09:44
 0  68
«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынды
Фото: Жетісу ФК

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Дөңсебаевты 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. 

«Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады. Бұған дейін бірқатар БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0