Жетісулық әнші «Славян базары» фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі Алмагүл Батталиева «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Ол 2025 жылдың 10–13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында өткен аталмыш байқауда Қазақстанның атынан өнер көрсеткен болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алмагүл Батталиеваның Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші болып жұмыс істеп жүргеніне үш жыл болды. Ол бұған дейін де бірнеше республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған.
Биылғы «Славян базары» байқауындағы екі күнде ол 137 ұпай жинап, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, сөйтіп фестивальдың Гран-приін иеленді.
Атап өтсек, 2015 жылы Алматы қаласындағы П.Чайковский атындағы музыка колледжінде, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






