Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің чемпионы атанды

Тамыз 2, 2026 - 14:41
chat_bubble  0 visibility  1
Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияда өткен ITF World Tennis Tour W100 сериясындағы беделді турнирдің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, финалда Жібек чехиялық Анна Шишковамен жұптасып, швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған дуэтті екі сетте жеңді.

Бас жүлде сарапқа салынған кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды. Турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-чехиялық жұп алғашқы сетті сенімді түрде өз пайдасына шешіп, екінші сетте де қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 6:3, 7:6 (7:3) Құламбаева мен Шишкованың пайдасына аяқталды.

W100 Gran Canaria–Maspalomas топырақ төсенішіндегі турнирі Испанияның Маспаломас қаласында өтті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды (47 млн теңге) құрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0