«Жігердің сенімін ақтамадың»: «Қойшы бала» соңынан ерген әңгімеден қиналып жүргенін айтты (ВИДЕО)

Наурыз 5, 2025 - 12:23
«Жігердің сенімін ақтамадың»: «Қойшы бала» соңынан ерген әңгімеден қиналып жүргенін айтты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

«Қойшы бала» атымен танылған Жігер Ауыпбаевтың шәкірті Айдос Кәден өзінің желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жас әншінің жазбасына сүйенсек, оның артынан қалмай келе жатқан жағымсыз әңгімелер бар екен.

«Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар», — деп жазды «Қойшы бала».

Мұны оқыған қалың көпшілік түрлі пікір қалдыруда.

«Тарихта қаласың су ішкен құдығына түкірген адам болып, інім», «Жігердің сенімін ақтамадың. Ол сен сияқты хайп қуалап кеткен жоқ, шын ниетімен көмек берді», «Сатқындық деген дүниенің ұмытылуы қиын ғой», деп жазды олар. 

Еске салайық, «Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме» деп Жігер Ауыпбаев «Қойшы балаға» ескерту жасаған еді.

@koishy_bala_official_ Ит үреді, Керуен көшеді. Бұл сөздерде аяқталар. ————————————— ##рек##рекомендации##сатқындық????????##өмірғой##өмір##сынақ##сынаққадесберме##өмірсынақ ♬ Табиғатым - Izbasar Kenesov

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow