Жігітіне хат қалдырған: Алматыда 27 жастағы блогер қыз өзіне қол жұмсады
27 жастағы Айлуна Рахым өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Ол бұл іске айыпты деп, бір жігіттің есімін жазып қалдырған. Бұл туралы марқұм қыздың құрбылары «НеМолчи» қорына жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Немолчикз-ке 27 жастағы Айлуна Рахым есімді қыздың құрбылары жазды. Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол SMM болып жұмыс істеген және қамқоршы апайынан бөлек тұрған.
11 маусымда кешкі сағат 7-де оның денесі табылды. Суицид жасаған қыз хат жазып қалдырған. Ол өз өліміне бір жігітті кінәлайды. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, екеуара қарым-қатынастарында проблемалар болғаны анық. Алматы полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз.
Үмітсіз шайтан деген. Достар, жақындарыңызды, өзіңізді үмітсіз жағдайға душар етпеңіз. Қазір елдің бәрінің жүйкесі жұқарған, адамдар шаршаған. Осындай әдемі нәзік қыз қайтыс болды. Оған қарапайым ғана қолдау жетпеген. Сондықтан бәріңізден бір-біріңізге мұқият болуды сұраймыз», - деп жазды nemolchikz_official.
Қазақстан суицид бойынша 2023 жылы 178 ел ішінде 19-шы орынға табан тіреген.
Сіздің реакцияңыз қандай?