Жолаушылар пойызының қай жерде келе жатқанын онлайн бақылауға болады

Ақпан 17, 2025 - 10:56
Ақпан 17, 2025 - 10:57
Жолаушылар пойызының қай жерде келе жатқанын онлайн бақылауға болады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ

Елімізде пойыз қозғалысын онлайн режимде бақылау қызметі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан былай жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады.

«Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға (пойыз қызыл түспен белгіленеді), таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станцияларын, олардың күту уақытын және межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Аталған қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленген.

Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді.

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін: 1. https://bilet.railways.kz (https://bilet.railways.kz/)  сайтына кіру қажет.

2. "Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы" баннерін басу керек.

3. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.

4. Сондай-ақ қызметке https://tablo-railways.kz/ru/ сайты арқылы да кіруге болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow