«Жомарттың соққылары өте өткір еді»: Тоқаевтың сыныптасы президент жайлы

Бүгін президент таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоумен кездесу кезінде тақтайды бір соққымен сындырған болатын.

Тамыз 12, 2025 - 16:19
Тамыз 12, 2025 - 16:57
«Жомарттың соққылары өте өткір еді»: Тоқаевтың сыныптасы президент жайлы
Фото: Sadaq.kz коллажы

Президент Тоқаевтың сыныптастары оның жас кезіндегі төбелестердің бірін еске алып, соққылары өте өткір болғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл естеліктер Мемлекет басшысы оқыған Алматыдағы №25 мектеп-гимназиясы туралы фильмде айтылған. Достарының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сол кездің өзінде дауды бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, қажет болса өзі үшін тұра білген.

Сыныптасы Андрей Антоненконің айтуынша, бірде олар үшеуі көшеде келе жатқанда, төрт адамнан тұратын топ «Темекі бар ма?» деп сөз бастаған. Олар темекі тартпайтынын айтқан соң, сөзден сөз шығып, Жомарт сөйлей бастағанда, қарсы топтағылардың бірі шапалақпен ұрған.

«Соңында біз таяқ жесек те, әлгі топтың өзіне де біраз тиді, олар кері шегінді. Жомарттың соққылары өте өткір еді, себебі ол үстел теннисімен айналысатын», – дейді Антоненко.

Ол Тоқаевтың сол кездің өзінде нағыз дос болғанын және солай болып қалғанын қосады.

Айта кетейік, бүгін президент таеквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоумен кездесу кезінде тақтайды бір соққымен сындырған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow